Ардагерлерге сый жасады

Screenshot_11.jpg

Кешегі сұрапыл соғыс жылдары бүгінгі ұрпағының бақыты үшін белуардан қан кешкен жандарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Бүгін «Nur Otan» партиясы шымкент қалалық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» атты республикалық акция аясында 17 майдангерге есту құрылғыларын сыйға тартты.

Жеңіс туын желбіреткен қарт майдангерлердің қарасы күн санап азайып барады. Көзі тірісінің өзі бүгінде сексеннің сеңгіріне шықты.  Бас партия жеңістің 75 жылдығына орай  қаладағы  ардагерлерге  есту құрылғыларын тегін таратты.  Аппараттың құны 180 мың теңге тұрады. Ол қарт жауынгерлерге азда болса демеу ,дейді шараны ұйымдастырушылар.  Тілеуімбет Қожаназаров бес жыл қан майданда болып елге аман оралған жерлестеріміздің бірі. Ұлт болашағы үшін аянбай еңбек еткен арда азамат бүгінгі ұрпақтың  бақытты ғұмырын көруден артық қуаныш жоқ  деген қарт жауынгер париялықтарға алғысын жеткізіп, ақ басын берді. Айтуынша құлағы ауырлағалы бері аздап қиналып қалған. Ал мына аппарат соғыс ардагерінің өмірін жеңілдететіні сөзсіз. 

 «Nur Otan»  партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов мұндай иіг шараларын алдағы уақытта да жалғасын табады дейді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер