Самалдықтар сапалы электр жарығына қол жеткізді

Screenshot_8.jpg   

Коммуналдық мәселелер қашанда өзектілігін жойған емес. Өйткені қазіргі жаһандану заманында электр жарығынсыз бірде-бір іс тынбайды десек артық айтқанымыз емес. Еліміздің үшінші мегаполисі республикадағы маңызды, ірі қалалардың бірі болғандықтан  коммуналдық мәселелер уақытылы шешімін табуы тиіс. Осы орайда  Шымкент қаласының іргесіндегі Самал -3 шағынауданының  тұрғындары сапалы электр жарығына қол жеткізіп отыр. Салаға жауапты мамандар шағынауданды  жаңа электр жүйесіне қосуды бастап кетті.

Осыған дейін 24 жекеменшік трансформатордан тоқ алып, тұтынған электр жарығына еселенген тариф бойынша 23 теңгеден төлеп келген халық енді ел қатарлы төлем жасайды. Сапалы электр желісіне қол жеткізген тұрғындар мамандарға алғыстарын білдіруде. Самалдықтардың қуанышымен бөлісуге келген Абай ауданының әкімі «бұл қала әкімдігі тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесі, үкіметтен қомақты қаржы бөлініп, жоба кезеңімен жүзеге асырылуда»,- дейді.

«5 800 абонент қосылады. 6 млрд. теңгені бөлуге қала әкімі Мұрат Әйтенов әрекет жасады. Жылдың басында қала басшысы халықпен кездескен болатын. Міне 5 айда жұмыстар аяқталды»,- дейді  Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚР жаңа конституциясы: Қазақстан халқы — мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі
  • ҚР жаңа конституциясы: әділетті ата заң — қуатты мемлекет
  • Адам құқықтары – мемлекеттің ең жоғары құндылығы
  • Орталық Азия Инновациялық университеті: Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту – уақыт талабы
  • Шымкентте денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер