Мемлекет мұқтажына қайтарылған жер көп

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалық етуімен қала аумағы бойынша жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару бойынша жиын өтті. Онда жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Әшірбеков нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін 2448 жер учаскесі бойынша қаулы шығарылғанын атап өтті.

«Аталған нысандарға ағымдағы жылы 3,7 млрд. теңге қаражат қарастырылған. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады. Бүгінгі таңда алаңы 17,3 гектарды құрайтын 152 жер учаскесін қайтаруға 1 млрд. 458 млн. теңге жұмсалған»,-деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың бес айында тұрғын үйлер құрылысы мен жол құрылысына, жаңа терминал мен жұқпалы ауруханаға және мектеп пен жасыл аймақ құру сынды 11 нысанның құрылысы үшін құру үшін мемлекет мұқтажына қарастырылған жер учаскелері толықтай қайтарылған.

Қала басшысы бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар үшін қажетті жер телімдерін қайтаруды тапсырды.

«Жоспарланған құрылыстың созылуына алып келетін мәселенің бірі меншік иелерінің бағаланған мүліктің құнына келіспейтіндігі. Сондықтан құнын айқындауда меншік иесінің құқығы қорғалып, нарықтағы құнмен өтелуі тиіс. Сонымен қатар, қалада жүзеге асырылып жатқан жобалардың маңыздылығы туралы тұрғындарға дұрыс түсіндіру қажет»,-деді М.Әйтенов.

Еске салсақ, өткен жылы 199 жер учаскелері 2 млрд. 301 млн. теңге қаражат бөлініп, 61,8 га жер мемлекетке қайтарылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер