Шымкенттің өнімдеріне сұраныс жоғары

Screenshot_2.jpg

Шымкенттің ауыл шаруашылғы өнімдері шет мемлекеттерге экспортталуда. Әсіресе, омарташылардың өніміне сұраныс жоғары. 

Тассай тұрғын алабындағы құс шаруашылығына маманданған «ККК» шаруа қожалығы ысталған ет өнімдерін дайындайды. Жеңілдетілен несиенің арқасында құс шаруашылығын одан әрі дамытуда. Бүгінде шаруа қожалық қайта өңдеуге ден қойған.

Ал Абдулабад тұрғын алабындағы ара шаруашылығымен айналысатын «Нормухамедов» ЖК елімізге танымал. Бүгінде олар өнімдерін Ресей және Катар елдеріне экспорттауда. Жылына 100 тоннадан астам бал өндіретін жеке кәсіпкердің бүгінгі таңда 5000- нан астам бал ара ұясы бар.

Абдулабад тұрғын алабындағы «Зертас» шаруа қожалығы асыл тұғымды ірі қараның санын көбейтуде. Жеңілдетілген несие және мемлекеттік қолдау арқылы 2019 жылы Аустрия елінен 128 бас етті-сүтті асыл тұқымды (Симменталь) сиыр әкелген. Шаруашылықта жалпы 161 бас ірі қара бар.

Айта кетейік, Шымкент қаласында биылғы жылдың төрт айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 7,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 1 миллиард теңге, мал шаруашылығы – 6,2 млрд. теңгені құраған. Осы уақыт ішінде 4 мың тоннадан астам ет, 13,3 тонна сүт және 48,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту туралы Қаулы
  • Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты танымдық әрекеттерін дамыту
  • Ел ертеңі – білімді болашақ!
  • Түркістан облысындағы эпиджағдайға байланысты бас дәрігерлер бас қосты
  • Спорт – сенің серігің!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер