Мұрат Әйтенов шұлық-тоқыма зауытына барды

Screenshot_5.jpg

Шымкент шаһарының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдайдан соң өзінің жұмысын басатаған нысандарды аралау барысында жалпы инвестиция құны 1 миллиард 800 миллион теңгені құрайтын «Әлем БТ» ЖШС қазақстандық шұлық-тоқыма зауытына барды. Ол карантинт уақытында жұмыс істеп отырған зауыттың бүгінгі жұмысымен танысып, ондағы санитарлық талаптардың қаншалықты сақталғандығын бақылап қайтты.

Кәсіпорын қуаттылығы жылына 20 миллион жұп өнімді құрайды. Ерлер, әйелдер мен балаларға арналған 200-ден астам шұлық өнімдерінің ассортиментін шығарады. Іске қосылған сәттен бастап «Әлем БТ» отандық фабрика өнімдері қазақстандық тұтынушылардың сеніміне ие болды.

Осыдан бес жыл бұрын Шымкентте  секундта бір шұлық тоқылатын зауыт туралы ақпарат тараған еді. Мұнда өнім  кореялық машиналарда тоқылады. Одан кейін 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне қатысып, іс-шара барысында үздік тауар өндірушілері сынға түсіп, тауар таңбалары қолданыстағы ерекшеліктеріне қарай үш номинация бойынша іріктелді. Сол кезде ІІ орынды шұлық өнімдерін шығаратын «Әлем БТ» фабрикасы иеленген болатын. Жыл өткен сайын шұлық өндіретін зауыт өзінің қарқынды жұмыстарымен көзге түсіп, қала ішінде бірден-бір танымал өнеркәсіп болып табылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер