Қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Screenshot_4.jpg

Жыл сайын шомылу маусымы кезінде қаншама адам суға кетіп, қайғылы жағдай орын алып жатады. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында, Қаратау ауданы әкімдігі мен аудандық төтенше жағдай бөлімі және жергілікті полиция өкілдері бірлесіп шомылу маусымындағы қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Олар Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы көл маңында орналасқан тұрғын үйлерге арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үгіт-насихат қағаздарын таратты.

Айта кетейік, тек рұқсат етілген аймақтарға ғана шомылу керек. Әсіресе, жас балалар ата-ана қадағалауынсыз ағын суға шомылуға болмайды. Мамандар маусым кезінде ата-аналарды сақ болуға шақырады.

Әрбір адам шомылуға, баратын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуге тиісті, себебі жабдықталмаған жерлерде иірім, су басқан бөрене, тілімдер, темір, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін. Өтіп бара жатқан моторлы қайықтарға жақын жүзу өте қауіпті, өйткені жүзу құралдары су түбіне қарай жүзіп келе жатқан адамды тартып кетуі мүмкін.

Бірқатар аурулар кезінде шомылуға тыйым салынады.Мысалы, жүрек ауруы бар, талып қалу, құлап қалуға бейім адамдарға шомылуға болмайды, сондай-ақ құлақтың дабыл жарғағының жарақаты бар адамдарға да.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер