3 мыңға жуық ақ халаттылар вируспен күресуде

Screenshot_7.png

Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте 26 емдеу мекемесінде жалпы 2 764 медицина қызметкері жұмыс істейді. Білікті мамандардан жасақталған дәрігерлер жұқпалы аурулар ауруханасы, карантиндік стационарлар, жедел жәрдем станциясы, емханалар мен зертханалық орталықтарда тынымсыз еңбек етуде. 

Медицина мамандары алғашқы күннен бастап науқастарға қолдан келген көмегін жасауда. Тіпті наурыздан үйлеріне бармаған дәрігерлер бар. Ақ халатты абзал жандар күнделікті дертпен бетпе-бет келіп, эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне қарамастан өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес, Шымкентте Төтенше жағдай режимінде жоғары жүктемемен еңбек еткен 2126 медицина маманына наурыз-сәуір айларында руспубликалық бюджеттен үстемақы ретінде бөлінген 799 22 млн теңге берілді. Медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Бірінші санаттағы өте қауіпті жағдайда жұмыс істеген 24 қызметкерге 8,749 млн., екінші санаттағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен фельдшерлерге және өзге де 977 медицина мамандарына 294,848 млн. теңге бөлінді. Ал, үшінші деңгейдегі қауіпсіздік жағдайында жұмыс істейтін 1126 медицина маманына 91,166 млн. теңге қаражат қаралған. Үстемақы алғандар реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері. 

Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілері. Шымкент қаласындағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда жалпы 3226 дәрігер мен 8493 орта буынды медицина мамандары күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек үстемақы алмаған 4 медициналық мекемеде еңбек ететін 500 ден астам қызметкерге сыйақы берілді. Демеушілер есебінен 25 миллион теңге қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен № 2 қалалық аурухана қызметкерлеріне берілді. Сыйақыдан «Мейірім» және «Атамекен» оңалту орталықтарындағы карантин режимінде тынымсыз еңбектеніп жатқан медицина мамандары да шет қалмады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • С начала года не зарегистрировано лесных и степных пожаров
  • В Шымкенте откроется офис «Правительства для бизнеса - Shymkent INVEST»
  • Проведена проверка качества дорог
  • Общественный транспорт будет работать по 14 новым маршрутам
  • Микрорайона Самал-3 подключают к новой электролинии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер