ҚР еңбек кодекстері түсіндірілді

Screenshot_1.jpg

Шымкен қаласында тұрғындармен кері байланыс жасау жұмыстары қарқын алуда. Арнайы мамандар тікелей эфирге шығып, Еңбек кодекс туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы ҚР Еңбек кодексінің нормаларының сақталуын қадағалау мақсатында Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы тұрақты түрде тікелей эфирде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алған.

Сонымен қатар, тікелей эфир барысында жеке және заңды тұлғалар тарапынан келіп түскен сұрақтарға да тиісті жауаптар беріп, олардың құқықтары мен міндеттерін айқындап береді.

Осы жылдың 21 мамырында әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы ҚР Еңбек кодексінің 15 тарауы, «Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік» бойынша баптарға жеке-жеке тоқталып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде тұрғындар да Шымкент қаласының Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының бұл жұмыстарын жоғары бағалап, өздеріне қажетті мәліметтерге қанық болғандарына ризашылықтарын білдірді. Бұл тұрғындармен кері байланыс жасап жатқан Еңбек инспекциясының түсіндірме жұмыстары оң нәтиже бергенін аңғартады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті: 172 тонна қоқыс шығарылды
  • В Шымкенте прошёл общегородской субботник: 172 тонны мусора вывезено в рамках акции «Таза Қазақстан»
  • В Шымкенте появится лагерь для одарённых детей
  • Шымкентте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады
  • Ынтымақ пен татулық – Қазақстанның басты құндылығы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер