Шымкентте биыл 300 шақырымнан астам жол жөнделеді

Screenshot_9.jpg

 Карантинге байланысты Шымкент қаласында жол құрылысы жұмыстары тоқтап қалған жоқ. Барлық сақтық шараларын орындай отырып, құрылыс компаниялары өз жұмыстарын мерзіміне сай жүргізуде. Тіпті салыстырмалы түрде биыл жол құрылысы қарқынды белең алып, тіпті шаһардың жолдары мұнтаздай кейіпке айналуда.

Шаһардағы жол сапасын дамыту мақсатында 2020 жылы 256 объектіде құрылыс-жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 26,9 млрд. теңге қаралды.  Бұл 417,3 шақырым жол мен 7 көпір, 2 өткел, 1 оңға шығу және 1 жол өткелін қамтып отыр. Нәтижесінде жыл соңына дейін 240 нысанды, яғни, 314,7 шақырым жол мен 6 көпір, 1 жол өткелін пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 260 аялдаманы орнатуға 536,5 млн. теңге бөлінген. Осы бағдарлама аясында 3119 адам жұмысқа орналастырылады, оның 1621-і жұмыспен қамту орталығы арқылы.

Қаладағы ең маңызды құрылысы жүріп жатқан көшелердің бірі Республика даңғылы мен Рысқұлов көшесі. Республика даңғылының жалпы ұзындығы – 5,3 шақырым, ені – 2х14м болса, нысанның жалпы сомасы – 2 394,0 млн.теңгені құрайды. Ал, Т.Рысқұлов көшесінің жалпы ұзындығы – 4,2 шақырым, ені – 2х7м. Құрылыс жұмыстары А.Байтұрсынов пен Әл-Фараби көшесі аралығында жүргізілмек.

Бұдан бөлек, Бадам өзені үстінен өтетін өткел Д.Қонаев даңғылымен жалғасады. 99 метрлік нысан мамыр айының аяғына дейін тапсырылады деп күтілеуде.

Жалпы Шымкент қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 297 606 шақырымды құраса, оның 56,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер