Мәдениет пен өнер-егіз ұғым

Screenshot_6.jpg

Бүгін - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні. Бұл – туған жердің рухани дамуына және керемет бай мәдени мұрасының дәріптелуіне еңбек етіп жүрген әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Осы орайда, Шымкент қаласының өнері мен мәдениетін үлес қосып жүрген барша қызметкерлерді құттықтаймыз! 

Өнер мен мәдениет – егіз ұғым, бұл бағыттағы әр қадам игілікті. Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – бұл тек экономикалық даму, халықаралық бастамалар мен жобалар ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, дербес мәдени жетістіктерге жету. Бұл жөнінде Елбасы да «Мәдениет – елдің ең асыл рухани байлығы, асыл мұрасы», деген болатын.

Ал мәдениет қызметкерлерінің еңбектері қашанда халықтың көз алдында, елді ұлттық мәдениеттің қайнарына сусындатып, адамдарға мереке және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Айналасын думанға бөлейді. Олар үшін мейрамдар – дағдылы жұмыс күндері.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – музей, кітапхана, театр, филармония, мәдениет үйлері қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлерінің, шығармашылық одақ қайраткерлерінің де мерекесі. Осы салада аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығып жүргендер қаламызда аз емес. Олар ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнердің өрге жүзіп, асқақтауына барын салып, өңіріміздің мәдениетін жылдан жылға көркейтіп келеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер