Карантин кезінде Шымкентте 7000 сәби дүниеге келген

Screenshot_12.png

Шымкент қаласы бүгінде халық саны мен туылуы бойынша елімізде сегізінші орында тұр. Үшінші мегаполистің тұрғындары 1 миллион 46 мың 425-ке жеткен. Ал, Қазақстан халқының саны 18 миллион 690 мың 145 болыпты. Осылай деп мәлімдеген статистика комитетінің бөлім басшысы Ербол Қуатбеков қаламызда ерлерден гөрі әйелдердің көп екенін айтады. «Шымкентте тіркелген тұрғындардың 500 мыңы ер азаматтар болса, 546 мыңы әйелдер. Қалада халқының саны көші-қоннан емес, табиғи өсіммен көбеюде. Жыл басталғалы қалада 10 мың сәби дүниеге келген»,- дейді ол. 

Ал мамандар мегаполисте карантин кезінде 7 мың сәби дүниеге келгенін айтуда. Оларға беріліп жатқан есімдер де төтенше жағдаймен тығыз байланысты болып тұр.

Біріне, Үміт аты берілсе, енді біріне Жақсылық, Думан есімдері қойыла бастаған. Шымкент тұрғындарының балаларына қойған есімдерінің ерекшелігі мұнымен бітпейді. АХАТ бөлімі маманының айтуынша ырымшыл тұрғындардың таңдауы президент, әкім мен әншілердің де аттарына түседі екен. «Балаларға негізінен қазір хан, сұлтан, бұрынғы қала әкімі мен әншілердің есімдері беріліп жатыр. Шымкенттіктер Керейхан, Ақсұлтан, Ілияс, Төре, Томирис, Әбунасыр, Ыбырай, Хантөре, Даниял, Ғабидолла есімдерін таңдайды. Ал, төтенше жағдай режимі басталғалы Думан, Жақсылық, Үміт аттары қойылуда. Рамазан айы басталғалы Оразайым, Рамазан, Раяна есімдері танымал бола түсті»,- дейді  Шымкент қаласы АХАТ бөлімінің маманы Айгүл Абдукаримова.

Еске сала кетейік, осыдан тура екі жыл бұрын Шымкентте миллионыншы тұрғын дүниеге келген еді. Қалаға үшінші мегаполис атағын алуға себепкер болған бүлдіршін қыз биыл 2 жасқа толды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер