Тыл ардагерінің өтініші жерде қалмады

Screenshot_15.jpg

Ардагерлерге құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың парызы. Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қаладағы санаулы соғыс және тыл ардагерлерін құттықтап қайтушылар да көп болды. Ардагер құттықтап келушілерге өтінішін де жеткізді. Сондай тыл ардагерлерінің бірі - Шымкент қаласының тұрғыны Скринникова Пракофья Егоровна. Талай қиыншылықты бастан кешіп, ауыр күндерді артта қалдырды. Жасы келсе де әлі тың. Ол тіпті қалада өтетін мерекелік іс-шараларға шақыруды сұрайды.

Тыл ардагері үйіне үйге телефон орнатып беруді және зейнетақысын карантинде алу мүмкіншілігі болмағандығын, соның шешімін табуын сұраған болатын. Ардагердің өтінішін орындау мақсатында Жұмыспен қамту басқармасынан жеке көмекші жіберілді.

Бұл күнде ардақты тұлғалардың бірі – тыл ардагерлері. Тылда еңбек еткен олар соғыс кезі болсын, басқа да қиын кезеңдер де түнде ұйқы, күндіз күлкі көрмей, жеңісті жақындатуға зор үлестерін қосты.


Жеңістің 75 жылдығына орай Пракофья Егоровна арнайы төсбелгімен марапатталды. Қарт тыл ардагері қуанышын жасырмады. Ризашылығын білдірді. Осы тұста айта кеткен жөн, сұм соғыста тер төккен ата-бабамызды ешқашан ұмытпай, бейбіт өмірге алғыс айту парызымыз. Біз Жеңіс сыйлаған ата-әжелерімізге қарыздар екенімізді ұмытпайық


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Шымкенттік тұрғын 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер