Коммуналдық төлем бойынша өтініштер оң шешімін табуда

Screenshot_11.jpg

Төтенше жағдай мен карантин режиміне бағынған қала тұрғындарына мемлекет тарапынан арнайы көмектер беріліп жатыр. Алдымен 42 500 теңге мәселесі шешімін тауып жатса, артынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.

- Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында communal-komek.kz сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 29 922 азаматтан өтінім келіп түсті. Оның ішінде басым бөлігі жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, оң шешімін тапты. Ал, қалған азаматтың жеке шоттары анықталмай, қазір тексерілу үстінде, - деді Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов.

Сонымен бірге, әлеуметтік көмек бойынша азаматтарға кеңес беру мақсатында Шымкентте Call-орталық ашылған. Орталық таңғы 09:00 мен 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Оған күні бүгінге дейін 25 641 қоңырау түскен.

Ақпараттық жүйелер арқылы өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, call-орталықтарына хабарласуға болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер