Шымкенттік тұрғындарға үндеу!

Screenshot_7.jpg

Бала - бауыр етің! Соңғы кездері Шымкенттегі көпқабатты үйлердің терезелерінен ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың құлап кетуі жиі орын алып жүр. Соған байланысты тұрғындардың кездейсоқ, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдай департаменті тұрғындардың назарына ұсынады. Әр ата-ана өзінің перзентіне жауапты болғандықтан басшылықтың қағидаттарын есте ұстап, бүлдіршіндерден қауіпті алыстатайық.

1. Баланың терезе алдына шыға алмайтындай етіп, жиһаздардың барлық түрлерін терезеден алыс қою керек.

2. Шыбын-шіркейден қорғайтын тор перделері қайғылы оқиғаға бірден-бір себеп, өйткені, бала өзін қауіпсіздікте санап, терезеге де, тор перделерге де сүйенеді. Нәтижесінде балалар осы тор перделермен бірге жиі құлайды. Тор перде басты назарда болу керек!

3. Терезеге арнайы бекіткіш орнатыңыз.

4. Егер балаға терезеден бірдеңе көрсетемін десеңіз – терезені дұрыстап бекітіңіз, баланың жылдам қимылдауына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғақ ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз.

5. Егер сіздің бекіткіш және сақтандыру жабдықты дәл қазір орнатуға жағдайыңыз болмаса, терезенің тұтқасын уақытша алып тастап, қажеттілік бойынша пайдаланыңыз.

Аталған алдын-ала хабарландандыруды кез-келген ата-ана оқып, балаларының өмінен қауіп тудырмау қажет. Сондықтан хабарламаны жақындарыңыз бен туыстарыңызға таратқан жөн. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер