Блок бекеттер жұмысы бақылауда

Screenshot_2.jpg

Еліміздегі карантиндік режимге және індеттің өршуіне байланысты Шымкентте сақтық шаралары күшейтілді.Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Коронавирус індетіне қарсы мамандар әр көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы, полиция капитаны Төлеген Боранбаев мәлім етті.

– Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталғанымен 25 мамырға дейін қала аумағында карантин режимі жалғасады. Осыған байланысты, Шымкент қаласына кіретін және шығатын жолдарда жалпы 18 бұғаттау бекеттерінде жұмылдырылған қызметкерлер қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс атқаруда. Олар қызметтік планшеттермен автокөліктерді және азаматтарды тексеруде. Сергек блок-пост деректер қорында бар автокөліктер мен азаматтар кедергісіз өтуде, ал базаға тіркелмеген автокөліктер мен азаматтар кері қайтарылуда. Сондай-ақ, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін азық-түлік және қажетті заттарды тасымалдайтын жүк автокөліктері кедергісіз өтуде. Аталған бұғаттау бекеттерінде өту тәртібі, шектеулер және талаптар сақталған. Ондағы қызметкерлер үш аусымда тәулік бойы жұмыс атқаруда,– дейді жауапты маман.

Қазіргі таңда қалаға кіре беріс тұстарындағы блок-бекеттерді қатаң бақылауға ұстау маңызды болып отыр. Себебі, ауданаралық қатынастар індеттің өршуіне алып келеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер