Шаһардағы екі маңызды көшенің жолдары жөнделіп жатыр

Screenshot_6.jpg

Еліміз ауыр сынақты бастан кешіріп жатыр. Коронавирус барша халықты әбігерге салып, қарапайым халықты қанай түскені жасырын емес. Су басқан өңірлердің де жағдайы мәз емес. Осынша, мәселелерге қарамастан, Шымкент қаласының билігі әлеуметтік мәселелерді ерте көктемнен шешуге кірісіп кетіпті. Әсіресе, жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. 

Шымкент шаһардағы күретамыр саналатын Рысқұлов пен Байтұрсынов атындағы көшелерді жөндеу тірліктері қызу бастау алыпты. Соңғы маңызы бар көше халық ең көп серуендейтін Асанбай Асқаров атындағы дендропаркке барып тұмсық тірейді. Енді бұл көшедегі жолдар айнадай таза болып жөнделіп, қаланың келбетін көріктендіре түсірмек. Бәйдібек би көшесінде де бұрынғыдай кептеліс болмайды. Денропаркке қала тұрғындары осы жақтан кіріп, серуендеп, бой жазып, қыдырып қайта алады. 

- Көшені жөндеу мен асфальт төсеу жұмысы осы жылы аяқталады- деген болатын өткен жылы қалада болған баспасөз мәслихатында қала атқамінерлері.

Халық үніне құлақ асып, тірлікті осылай тындырып жатқан Шымкент қаласының билігіне қарапайым халық алғыс жаудырып жатыр. Енді қаладағы жөндеуді талап ететін көшелер де шешімін тапса, нұр үстіне нұр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер