​Азық-түлік бағасы тұрақтандырылуда

Screenshot_11.png

Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған шекті баға алынып тасталды. Бірақ Шымкентте баға тұрақты. Яғни, әкімдік бекіткен әлеуметтік маңызы бар 11 азық-түлік бағасы бақылауда.

Әлеуметтік маңызы бар 11 тауарды бекітілген бағамен сату жөнінде Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен келісімге тұрған шаһардағы ірі сауда орындары да өз міндеттерін орындауда. Бірінші сұрыптағы ұн белгіленген 147 теңгеден, бөлке наны 75 теңгеден саудалануда. Тізімде макарон өнімдері , күріш, құмшекер мен өсімдік майы да бар.

 «Төтенше жағдай режимінің 11 мамырда аяқталуына байланысты министрліктердің бірлескен бұйрығының күші жойылып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған шекті баға алынып тасталды. Алайда , біз өз тарапымыздан әлеуметтік маңызы бар 11 тауардың бағасы шарықтап кетпеуін қадағалап тұрамыз. Мәселен қанттың бір келісін 195 теңгеден асырмау үшін «Фиркан», «Магнум», «Шахан», «Баянсұлу», «Грамад» сауда нүктелерімен меморандум түзілген болатын»,- «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясындағы тұрақтандыру қорын басқару департаментінің директоры Азамат Серікбаев.

Тұрақтандыру қорымен 1,3 млрд. теңгеге әлеуметтік маңызы бар өнімдер сатып алынған болатын. Бұдан бөлек базарлардың жанында жылжымалы сауда нүктелерінде ауыл шаруашылығы өнімдері белгіленген бағамен сатылуда.

«Бізде картоп 150, ал  базарда  180 теңгеден. Бізде арзан пияз 150 теңге, ал сәбіз 120 теңге» , — дейді  сатушы Берік Әмзеленов.

Нәпақасын саудадан тауып отырған тұрғын тауарын әкімдік бекіткен шекті бағадан асырмаймыз дейді. Тек өзі емес, қаладағы бүкіл базарларда тізімге енген азық-түлік құнын арттыруға болмайды.

«Ереже бар. Егерде  әлеуметтік маңызы бар  тауарларға бекітілген бағадан  қымбат сатса, онда  ҚР Әкімшілік кодексінің 202 бабы бойынша жауапқа тартылады»,- Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустиралды-инновациялық даму басқармасының өкілі Қайрат Базарқұлов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер