28 180 азаматтан өтінім түсті

Screenshot_6.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. 

Осыған орай, бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты өзгерістерді мәлімдеді.

- Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында "communal-komek.kz" сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 28 180 азаматтан өтінім келіп түсті. Оның ішінде 14 320 азаматтың жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, оң шешімін тапты. Ал, 12 479 азаматтың жеке шоттары анықталмай, қазір тексерілу үстінде, - деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, ақпараттық жүйелер арқылы өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және дербес (абоненттік)шотының деректерін ұсына отырып, call-орталықтарына хабарласуға болады.  Президенттің бұл бастамасы карантинге қиналып отырған халыққа әжептәуір көмек болғаны сөзсіз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер