Ұстамдылық танытуға шақырды

Screenshot_16.jpg

"Отырар" қалалық ғылыми- әмбебап кітапханасының басшысы, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Анар Жаппарқұлова қазіргі таңда орын алып жатқан қаіпті індетке байланысты халықты сабырлылыққа, ұстамдылыққа шақырып, осы жағдайға байланысты пікірін білдірді.

- Жаһандық індетті жеңу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.

Президент дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне, инфляцияның артуына байланысты тұрғындарға зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялау, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, мұқтаж жандарға тегін азық-түлік тарату аясын кеңейту, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Мұның барлығы коронавирус індетінің залалын тезірек жоюға әсер етеді деп толық сенім білдіреміз.

Әлемдік пандемиямен күрес қоғамның өзіне тікелей байланысты болмақ. Сіз бен біз болып, жаһандық қатер тудырған індетті жеңеміз деп сенеміз. Осы бағытта ұстамдылық таныту қажет.,- дейді Анар Жаппарқұлова


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақсу-Жабағалы табиғаты
  • Жертөлесіне су толып, қабырғасы үгітіліп жатқан тұрғын үй құласа кім жауапты?
  • Шымкенттік адвокаттар жаңа Конституция нормаларын талқылады
  • Нефтяники Мангистауской области поддерживают новую Конституцию
  • В Шымкенте открылось почётное консульство королевства Бельгии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер