Шымкенттік шаруа Президент үндеуіне пікір білдірді

95013897_278223796670449_6154328444541861888_n.jpg

Манасбай Бекбауов, «Агросервис «БМБ» шаруа қожалығының төрағасы:

- Үндеуде Президент әрқайсымызды толғандырған сауалға толыққанды жауап берді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканың әл-ауқатын көтеру бойынша нақты қадамдар жасалып жатқанын айта келе, бұқараның алмағайып шақта бір алақандай жұмылып, ынтымақта болуы керектігін айтты.

Президент тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақытылы алып жатыр. Тапшылық жоқ.

Бұрын менің шаруашылығымдағы жерлердің бәрі Төлеби ауданына қарайтын. Шымкент қаласының бас жоспары бекітіліп, жер аумағы ұлғайғаннан кейін біз қалаға қарадық. Содан бері шарушалығымызға қажетті мемлекеттен беріліп жатқан көмектер мен тыңайтқыштарды уақытында алып жатырмыз. Болашақта лизингтік несие арқылы ауылшаруашылығы техникаларын жаңалап, комбайн алуды жоспарлап отырмын. Жалпы қала аумағында 62 мың гектардан астам жер бар. Биыл егіс алқабын өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға ұлғайтып, 27,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Осындай сын сағатта ел тағдыры, халқымыздың амандығы әрқайсымыздың қолымызда дер едім. Ең бастысы, тәртіп сақтайық, мамандардың кеңесіне құлақ түрейік, сабыр мен төзімді серік етсек, бұл індетті де жеңіп шығамыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер