Өткелдер орнатылуда

Screenshot_11.jpg

Тәжвирустан сақтанудың бірден-бір жолы тазалық екені рас. Осы орайда өңірде індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында дезинфекциялық режим күшейтілді.Шымкентте медициналық ұйымдардың алдында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу үшін дезинфекциялық өткелдер орнатылуда.

Енді емханадағы, ауруханадағы, жедел жәрдем станциясындағы медициналық қызметкерлерден бастап келушілердің барлығы арнайы дезинфекциялық өткелден өтіп, дене температурасы өлшенеді. Мұнан соң қолдарын арнайы дезинфекциялық ерітінділермен өңдегеннен кейін медициналық ұйымға кіреді.

Бұл жұмыстар емханаға келуші әр тұрғын мен қызметкердің қауіпсіздігі және денсаулық жағдайларына тұрақты бақылау үшін қолға алынған. Бұл бүркеу қондырғыларының тиімділігі мол. Қызметкерлер және науқастар ғимаратқа кіру үшін сол жерден өтеді. Құрылғы автоматты түрде іске қосылып, арнайы сұйықтық шашылады. Осылайша киімдегі қатерлі вирустарды жойып, инфекцияның алдын алуға болады, дейді сала мамандары.

        Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан басқа тағы 2 привизорлық орталық бар. «Атамекен» оңалтау орталығы 380 төсекорындық. Ал, «Мейірім» оңалту орталығы 170 төсек орынға лайықталған. 2-ші реабилитациялық орталықта 110 төсек орын бар  Енді бұған қос жатақхана базасында жасақталған 590 орын қосылды. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер