294 шақырым жол пайдалануға беріледі

Screenshot_10.jpg

Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 297 606 шақырымды құрайды. Оның 56,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Қаладағы жол сапасын дамыту мақсатында 417,6 шақырым жолды құрылыс-жөндеу жұмыстарына биыл бюджеттен 25,6 млрд. теңге бағытталған. Оның 5,1 млрд. қаржысы республикалық қазынадан болса, қалғаны жергілікті бюджет есебінен жүргізілуде. 

Жақында қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы жүріп жатқан жол құрылысының жұмысымен танысқан болатын. Жауапты мамандармен жүздескен қала басшысы биыл 294 шақырым жол мен 6 көпір және 1 жолайрық пайдалануға берілетінін жеткізді. Шаһар мэрі сондай-ақ  Шымкент әуежайындағы жаңа терминал құрылысымен танысты. Мұндағы құрылыс бірнеше кезең бойынша жүруде. Барлық құрылғы заманауи үлгіде болады. Жолаушыларды өткізу және жүк қабылдау цифрлы түрде жүргізіледі. Одан кейін әуе кемелеріне арналған перронды кеңейту жоспарда бар. Терминалға апаратын жаңа жол мен инженерлік құрылым мен абаттандыру жұмыстары да бірге аяқталады, деп жоспарланған. Мердігерлермен жүздескен қала әкімі жүк тасымалдаушы көліктердің жүріп-тұруы үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. «Құрылысқа қажетті заттардың басым бөлігі отандық. Сондықтан сапасы жоғары болады», деп атап өтті компания өкілдері.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер