Блок-бекеттер бейнебақылауда

Screenshot_9.jpg

Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Олардың әрқайсысы бейнебақылау камералармен қамтылған.

Коронавирустан қорғану шарасымен 18 блок-бекетте арнайы автокөлік құралдарымен жалпы 676 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде 240 полиция қызметкерлері яғни, 18 арнайы автокөліктер, 204 медицина қызметкерлері (18 жедел жәрдем көліктер) және 232 қарулы күштер 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда. Одан бөлек 18 прокуратура қызметкерлері жұмылдырылған.

Аталған блок-бекеттерде төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 23 жайт орын алып, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен Төтенше жағдай режимiн бұзу туралы хаттамалар толтырылған - ескерту жасауға немесе 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Олардың 1 жайты бойынша тұлға әкімшілік қамауға алынған, қалған істер қаралу сатысында.

Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында Шымкент қаласында 16 аумақ оқшауланды. Онда 163 полиция қызметкері жұмылдырылған. Медицина мамандары да тәулік бойы қызмет атқаруда. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, үздіксіз эпидемияға қарсы халықтың сақтық шаралары үшін іс-шаралар өткізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Цифрландыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде
  • Инвестициялық жоба: Шымкентте орта азиядағы ең ірі жылыжай кешені салынуда
  • Биыл Шымкентке тартылатын инвестиция 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер