Ақ халаттыларға жағдай жасалды

Screenshot_4.jpg

Короновирус індетімен күресушілердің алдыңғы қатарында дәрігерлер тұратыны белгілі.Олар халықтың денсаулығына төніп тұрған қауіпке арқаларын тосып отырған бүгінгінің батырлары, халық қамқоршылары. Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қонақүйден орын берілді. Бұл - қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар.

Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жатқан жүзден астам қызметкерге орын дайындалған. 

Мұнда медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамағы беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады. Оларды қазіргі таңда отбасыларына жіберу қауіпті. Себебі, дәрігерлер қауымы нағыз оттың ортасында қызмете етуде.  

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлеріне қосымша ақша тағайындалған еді. Үстемақы алғандар реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел-жәрдем жүргізушілері.

Айта кетейік, қонақүйге орналастырылған мамандар Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте сарбаз қайтыс болды
  • Шымкенттік полицейлер халықаралық іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады
  • ШЫМКЕНТТІҢ ЕКІ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ
  • Еңбек адамдары – қаланың тірегі
  • Цифрландыру мен жасанды интеллект: Мемлекеттік қызметтердің жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер