Короновирусты жеңді

Screenshot_12.jpg

Қазіргі таңда коронавирус күрт көбеюде. Десек те, бұл тәжіндетті жеңіп жатқандар да бар. Соның айғағының бірі – Шымкентте коронавирус жұқтырған екі науқас ауруханадан жазылып шықты. Дертінен айыққандар - анасы мен баласы. Олар бар ауыртпалықты артқа тастап індеттен айықты. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Биылғы жылдың 11 сәуір күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның 33 жағдайы тіркелген.

Қуаныштысы сол, «Тәуелсіздікке - 20 жыл» бірінші ошағынан осы екі отбасы мүшелерінде зертхананың сынамалар теріс болып, олар үйге шығарылды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайы жақсы екенін айтады.Дертінен айыққандар 1970 жылғы және 1996 жылғы бір отбасының мүшелері. Нақтырақ айтқанда, анасы мен баласы.

Ал отбасының қалған 3 мүшесі медициналық қызметкерлердің бақылауымен 14 күндік карантин аяқталғанға дейін қалады, себебі інісінен COVID-19 ауруы 12 күні анықталып, әкесімен қарындасы жақын байланыста болған. Қалған пациенттердің жағдайы тұрақты, қолданыстағы хаттамаларға сәйкес емдеу жалғасуда.

Түркістан облысынан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына COVID19 ауыруына шалдыққан ауыр жағдайда 2 науқас ауыстырылды (48 және 60 жас). Олардың жағдайы қазір тұрақты, динамиканың жақсарғаны байқалады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер