Коммуналдық қызмет тарифі төмендеді

Screenshot_8.jpg

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Шымкент қаласында коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілген. Шымкент қаласында коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері Төтенше жағдай кезеңінде қала тұрғындарының қаржылық жүктемесін төмендету мақсатында және қоғамдық келісімнің тұрақтылығының маңыздылығын ескере отырып, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап өз бастамасымен төмендегі қызметтер бойынша тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдады:

1) «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС:

- сумен жабдықтау қызметіне тариф – 88,17 теңгеден 83,75 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5% -ға төмендетілді;

- су бұру қызметіне тариф – 35,13 теңгеден 33,38 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

2) «Қуатжылуорталық-3» МКК:

- ыстық сумен жабдықтау қызметіне есептеу құралдарымен қамтылмаған жеке тұлғаларға тарифі 1 адамға 736,53 теңгеден 662,88 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 10% -ға төмендетілді;

– есептеу құралдарымен қамтылған жеке тұлғаларға ыстық сумен жабдықтау қызметіне тариф 1 м3-ге 230,16 теңгеден 207,14 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 10% -ға;

3) «Таскудык Бак» ЖШС:

- тұрғындар сумен жабдықтау қызметіне тариф 70,99 теңгеден

67,44 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

4) «Женис Т» ЖШС:

- тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф 3916,82 теңгеден 3720,98 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

5) «Сайрам су» ЖШС:

- сумен жабдықтау қызметіне тариф 72,08 теңгеден 68,48 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5% -ға төмендетілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жарлыққа қол қойды
  • Общественные настроения: между привычкой и принятием нового
  • Семья в меняющемся мире: новые роли и старые ожидания
  • Қазақстан экономикасының өсуі: Cаннан – сапаға қарай
  • Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер