40 мыңнан астам азамат жәрдемақы алды

Screenshot_11.jpg

Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған азаматтарға мемлекет көмек ретінде жәрдемақы тағайындағаны мәлім. Бұл қысыл-таяң кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға әжептәуір көмек болды. Аталған жәрдемақы үшінші мегаполистің тұрғындарына да беріле бастады.  Мамандардың айтуынша Шымқаланың 40 586 тұрғыны 42 500 теңге төлемді алған. 

 Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша елдегі жарияланған ТЖ кезіндегі 42 500 тг  әлеуметтік жәрдемақыға жергілікті атқарушы орган арқылы 7 098 адам өтініш білдірген. 

Оның ішінде:  

-қабылданған өтініштер  4 410 (2 688 өтініш өңделуде)

 -қабылданбаған  1832 (құжаттардың толық еместігінен) 

-мәліметтердің тексерілу жұмыстарында - 754 

-тағайындалғаны - 1824 

-төленгені - 729 (10 сәуірге дейін).  

«Мемлекеттік корпорацияға (ЗТМО Еңбек министрлігі) Шымкент қаласынан 43 210 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, белсенді тағайындау нысаны арқылы 8 037 азаматтың өтініші тікелей бірыңғай базасына БЖТ электронды төлеушілер порталына келіп түскен. Әлеуметтік төлем 39 857 азаматқа төленді. Белсенді тағайындау нысаны арқылы  - 8 037. Жалпы мемлекеттік жәрдемақыны 40 586 азамат алды», - делінген аталған басқарманың мәліметінде. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер