Шымкенттік оқушылар үйде білім алуда

Screenshot_7.jpg

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты оқушылар мен студенттер қашықтықтан білім алуға көшкені мәлім. Үшінші мегаполистік оқушылар үшін үйде отырып сабақ алуға еш кедергі жоқ. Себебі мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. 

Мамандардың айтуынша Шымкенттегі 172 білім беру ошағында 222 037 оқушы білім алады. Атап айтқанда, 827 оқушыға инклюзивті білім беріліп, 702 оқушыға «WhatsApp» мессенжері арқылы оңалту сабақтары жүргізіледі.

Үшінші мегаполисте қашықтықтан білім беру бойынша 187 640 (84,5%) оқушы Республикалық «Балапан» және «Еларна»телеарналары арқылы білім алуда.

Жергілікті телеарналар арқылы бейне сабақтарды көрсету жұмыстары ұйымдастырылып, «Bilimland.kz», «Дарын Онлайн»сияқты интернет платформаларын 118 740 (53,7%) оқушы қолдануда.

Білім беру ошақтарында онлайн сабақтарды «google class», «edu page» бағдарламалары арқылы — 15 954 (7,2%) білім алушы тиімді пайдаланған.

Сонымен қатар «WhatsApp» мессенжері арқылы барлық мұғалімдер оқушылармен кері байланысқа шығып, «Күнделік», «Ай мектеп» электронды журналдарында бақылануда.

Нәтижесінде, 166 мектептің «Күнделік» электронды журналына кіруі — 93,5 %, 6 мектеп бойынша «Ай мектепті» қолдану көрсеткіші — 61,8%-ды құрады.

Қаладағы 30 364 аз қамтылған отбасы балаларының ішіндегі компьютерді қажет ететін 17 616 оқушыға мектептердегі компьютерді уақытша пайдалануға беріп, интернет мәселесі білім ұйымдарындағы қаржы есебінен шешімін тапқан.

Оқушылардың 96,7%-ы әртүрлі мобильді байланыс арқылы интернетке қосылған. Ол — 214 613 оқушы.

Қала мектептеріндегі барлық 17 253 мұғалім электронды құрылғылар мен интернет желісін қамтамасыз етілген.

Білім басқармасы тарапынан бір көзден сатып алу жүйесінде 2 250,0 млн.тг. қаржыға 9000 компьютер сатып алу жұмыстары жедел қарастырылуда.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықтық бақылау – түбіртекті талап ет!
  • Нұротандықтар балаларға қуаныш сыйлады
  • В Шымкенте стали меньше разводиться благодаря семейному совету
  • Конный патруль появится в Шымкенте
  • ​В Шымкенте женщина, инфицированная коронавирусом, родила здорового ребенка
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер