Жастардың қамқорлық көрсетуі - ізгі қасиет

Screenshot_12.jpg

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Бауыржан Молдабеков Елбасының мақаласына пікір білдіріп, індетпен бірге күресуге кеңес берді. 

«Пікірімді Елбасының осы түйінді сөзімен бастағанды жөн көрдім. Бүгінгі сәт бүкіл әлем халқына ортақ салмақ болып отыр. Адамзаттың күш-жігерін сынға алған қауіпті індетпен күресте ортақ мүдде – бірігу және жұмылу болмақ. Сіз бен біздің ішкі берік сеніміміз бен саналы әрекетіміз ғана қиындықты еңсеруде жеңімпаз етеді. Орынсыз қорқыныш пен үрейге жол бермеу қажет.

Дәл осы тармақтар Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласында ерекше қозғалған. Осы бағытта күресте аталмыш үндеу баршаға ортақ бағдарға айналса орынды-ақ. Тұңғыш Президент «Кез келген қиындық адамды тығырықтан шығуға, өзгеше ойлауға, қалыптасқан жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бастайды», деу арқылы жігерлендіреді. Жаңа үрдіс пен әрекетке бейім жастар осы орайда тығырықтан шығудың тетіктерін қарастырып, сапалы бәсекелестікке қабілетті екендерін көрсетеді деп сенемін.

Қаламыздың ерікті жастары төтенше жағдайда аса мұқтаж қарияларға, көп балалы аналарға, әл-ауқаты төмен жанұяларға көмек қолын созуда ерекше белсенділік танытты.

Халқымыздың бойындағы ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттердің бүгінгі жастарымыздың өне бойынан табылуы - біз үшін мақтаныш. Елбасы ел экономикасы мен қаржылық ахуалға байланысты «Қазақстан дағдарыстан шығудың жолын табуға толығымен қауқарлы» деп халықтың күпті көңілін серпілтті.

Мазмұнды мақаланы оқи отырып бірлігімізді бекемдейтін сәттің жеткенін айтқым келеді».


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер