Сауда орындары төлемақыны енді карточкамен қабылдайды

Screenshot_7.jpg

Тәжіндеттің алдын-алу мақсатында үшінші мегаполистегі сауда орындары енді ақша алмайды. Себебі, олар енді төлемақыны қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен жүргізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус қағаз беттерінде және пластиктерде біраз уақытқа дейін қала береді. COVID-19 вирусы қағаздарда 3-4 күнге дейін, ал пластиктерде 9 күнге дейін сақталады екен. 

2020 жылғы 6 сәуірден бастап, Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі хабарлайды.

«Тұрғындар картасымен базарлар мен сауда орындарында төлем жасай алады. Банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге жеткізіп береді. Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ. Карантин кезінде қолға алынған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біз уақытша қиындықты бірге еңсеретін боламыз!» - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Карантин режимі аясында барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Цифрландыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде
  • Инвестициялық жоба: Шымкентте орта азиядағы ең ірі жылыжай кешені салынуда
  • Биыл Шымкентке тартылатын инвестиция 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер