Тәулік бойы көмек көрсетуге дайын

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласында 3 сәуір күні коронавирус жұқтырған 1 жағдай тіркелген еді. Осыған орай, Шымкенттегі 8-шағынауданда (№53 көпқабатты үй) оқшауланды. Қазіргі таңда бұл оқшауланған аумақтарда медицина мамандары тәулік бойы қызмет етуде.

Айта кетейік, вирусты жұқтырған 24 жасар азаматша 8-шағынауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Науқас ауруханаға жатқызылып, қарым-қатынаста болған азаматтар карантинге алынды.

Бүгінде Шымкент қаласындағы оқшауланған 8-шағынауданда №13 емхана қызметкерлері күн сайын кезекпен тұрғындардың ыстығын тексеріп, бақылауға алып отыр. Мұндағы санитарлық бекетте емхана мамандары медициналық көмекті қажет ететін жергілікті тұрғындарға барынша денсаулықтарына жауапты болып отыр.

Сондай-ақ 4-сәуір күні Желтоқсан 3А мекен жайындағы көп қабатты үйлердің бірінде тұратын бір азаматтан коронавирус індеті анықталған болатын. Науқас бірден ауруханаға жатқызылып,қажетті емін алуда. Індет ошағы анықталған көпқабатты үй маңында да емхана қызметкерлері тәулік бойы қызметте жүр. Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.

Осы орайда, №13 емхана дәрігерлері аурудан сақтанудың ең тиімді жолы үйде отыру қажеттігін айтады. Сондықтан мамандар сіздің және айналаңыздағы туысқандарыңыздың саулығы үшін үйде қалуларыңыңызды сұрайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер