Банктердің алдында арнайы жолақтар сызылды

Screenshot_11.jpg

Төтенше жағдай кезінде мемлекет халқына 42500 теңгеден таратып жатқаны белгілі. Осы себепті бірқатар банк бөлімшелерінің алдында ұзын сонар кезек болып, адамдар сақтық шараларын бұза бастады.  Сондықтан Шымкенттегі 40-қа жуық банк бөлімшесінің алдында кезек күтетін арнайы жолақтар сызылды Бұл клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалады, ол кемінде бір метр болуы тиіс.

Бұл туралы «Halyk Bank» АҚ Шымкент өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова мәлім етті.

Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Шымкенттегі Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн сызды. Бұл клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалған, кезек күтетін орындардың арасы бір метр. Адамдар өз денсаулығына жауапты болғандықтан сақтық шараларын сақтауға міндетті.

- Банк бөлімшелерінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары күшейтілген. Онда маскалық тәртіп қатаң сақталады, кеңесшілер қолғаппен жұмыс істейді. Қазір зейнетақыларды беріп аяқтадық. Соған байланысты айдың басында банк алдында халық қарасы көп болып еді, қазір ол азайды. Жалпы банкоматтардың алдында 100-ге жуық ерікті мен полицейлер тәртіпті қадағалап, көмектесуде, - деді Айжан Досымбекова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды
  • В Шымкенте открылись новый коммьюнити-центр и обновленный этномузей
  • Шымкентте жаңа комьюнити-орталық пен жаңартылған этномұражай ашылды
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер