Білім беру платформалары тегін болады

Screenshot_5.jpg

IV тоқсанды білім және ғылым министрлігі мен мектеп оқушылары тәжірибесі мен сынағы аралас аяқтайды. Ал 11-сынып түлектері үшін алдағы Ұлттық біріңғай тестілеу маңызды әрі мәселелі болып отыр. Төтенше жағдай жарияланғаннан соң білім беру орындарындағы Тексерулердің түрлері, профилактикалық бақылаулар, оқушылар мен студенттердің білім жетістігін бақылауы барлығы тоқтатылған еді. Алайда, дәл осы сәтте мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ға дайындалуды жалғастыра береді.

 «Daryn.onlain, Bilimlend.kz сынды 10 шақты платформа бар. Олардың барлығының қосымшасында тура тесттің кезінде келетін сұрақтармен дайындалу мүмкіндігі жасалды. Егер түлектер бір сұрақты дұрыс таба алмай, түсіне алмай қалса, арнайы тетікті басу нәтижесінде жауаптар даярланған. Бұрын бұл платформаларда дайындау ақылы болатын. Карантин кезінде оқу жылының соңына дейін барлығы тегін болады», - дейді Жанат Тәжиева.

 Ұстаздардың сабағын жазып үлгермеген бала телеарналар арқылы да сабақ оқуына мүмкіндігі бар. Республикалық «Хабар» және «Ел Арна» телеарналарында күнделікті сабақтар жүреді. Қазір 30 мыңнан астам дәріс әзірленген. Ол сабақтар жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік» және «Отырар» телеарналарынан берілетін болады.  Сала мамандарының хабарлауынша 17 мыңнан астам ұстаз тас түйін дайын отыр. Олар алдын ала әлеуметтік желілер мен мемлекеттік бағдарламаларды каникул кезінде қарады. Жаңа оқу тоқсанына қатысты жоспарларын түзіп қойған. Әр пән мұғалімі соңғы тоқсанда оқытылуы қажет сабақтардың арнайы кестесін жасаған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер