Үгіт-насихат жұмыстарын күшейту тапсырылды

Screenshot_12.jpg

Төтенше жағдай кезінде қаланың тыныс-тіршілігі толығымен қала әкімдігінің назарында. Осы орайда қала әкімі М.Әйтенов штаб мәжілісін өткізіп, онда қала аумағында қауіпсіздік шараларын күшейту, стратегиялық нысандардың дайындығын арттыру, мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, төлемдерге байланысты барлық құжаттарды қабылдау және түсіндіру жұмыстары электронды түрде жүргізілуі тиіс. Тиісті мекемелерге көпшілікке үгіт-насихат жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Карантинге дейін стратегиялық маңызды нысандарда жұмыс істейтін мамандарды жұмыс беруші өндіріс аумағында еңбек етуіне жағдай жасауы керек. Ол үшін нысан аумағында арнайы жатақхана жабдықтап, қызметкерлерін сол жерлерге орналастыруына болады. Бұл құрылыс пен өндірістің қажеттілігіне байланысты.

Дегенмен бірінші кезекте күшейтілген күзет пен қауіпсіздікті сақтау ескертілді.

Азық-түлік дүкендері мен базарлардағы сауда қатарлары санитарлық нормалар бойынша жұмыс істейді.

Қала әкімі тиісті сала жетекшілеріне блок-бекеттерді көбейту туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, қаладағы «Сергек» бейнекамерасы ахуалдық орталыққа қосылып, жағдай сол камералардың көмегімен бақылауға алынады.

Бекітілген ережеге сәйкес, қалаға ешкім кіріп-шықпайды. Өйткені Шымкенттің аумағы үлкен, халық саны миллионнан асады. Сондықтан жұрт шоғырланған жерде қауіп пен тәуекел көп.

Айта кетейік, індетті жұқтыруы мүмкін деген қаупі бар азаматтардың барлығы тексеріледі. Қалада залалсыздандыру жұмыстары күшейтіліп, қалыптасқан жағдай тұрғындарға уақытылы хабарланады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды
  • В Шымкенте открылись новый коммьюнити-центр и обновленный этномузей
  • Шымкентте жаңа комьюнити-орталық пен жаңартылған этномұражай ашылды
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер