Телеарна арқылы білім алуға болады

Screenshot_10.jpg

Төтенше жағдай кезінде сақтық үшін орта мектептерде сабақ қашықтықтан жүргізілетіні белгілі. Осыған орай Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабына тұрғындар тарапынан түрлі сауалдар келіп түсуде.

Мәселен, тұрғындар қаланың шеткі шағын аудандарында интернеттің жылдамдығы төмен екенін, үйде компьютері мен интернеті жоқ отбасылар аз еместігін айтып шағымдануда. Әсіресе, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін бұл өте өзекті мәселе.

Орта мектептерде қашықтан оқыту басталғанда бұл отбасылардың балаларының жағдайы қалай болады деген сауалға Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Омарова жауап берді.

— Қашықтан оқыту кезінде үйде интернет болмаған жағдайда «Балапан» телеарнасы арқылы сабақ өткізілуде. Сондай-ақ, офлайн режимде телефонмен Whatsapp месенджері арқылы да мұғаліммен байланысып, тапсырмаларды орындауға мүмкіндік бар. Өз пән мұғалімдеріңізбен хабарласып, телеарна арқылы білім алатыныңызды ескертуіңіз қажет, - деді М.Омарова.

Мұнан бөлек Шымкент қалалық білім басқармасының call-орталығының 39-49-26 телефонына хабарласып, балаңыз қай мектепте оқитыны жөнінде мәлімет берсеңіз, басқарма аталған мәселе бойынша оң шешім қабылдауға ықпал етеді. Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы оқушылар төтенше жағдай кезінде білімсіз қалмайтындығын баса айтты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер