Әлеуметтік көмек беріледі

Screenshot_3.jpg

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдармен байланыссыз атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) ала бастайды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Мамандар халыққа әлеуметтік көмекті алудың жолдарын түсіндірді. 

Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық базалары арқылы деректерді тексеру жүргізіледі, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, кірістер және т.б. Егер отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, тағайындауға өтініш қолда бар деректер негізінде қалыптастырылатын болады. Бұл үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері 1-тоқсанда АӘК алған азаматтар үшін өз бетінше өтініш жасайды және АӘК тағайындау өлшемдеріне сәйкестігін тексереді.

Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберілетін болады.

1-тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Әрі қарай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында тексеріп, нәтижесін электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайды.

Бұл ретте учаскелік комиссиялар көшпелі тексерулер жүргізбейді. Барлық қажетті құжаттарды азаматтардан электрондық пошта арқылы немесе мессенджерлер арқылы сұрататын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер