Кәсіпкерден келген көмек

Screenshot_24.jpg

Әлемнің түкпір-түкпіріне тараған короновирусты ауыздықтауға шымкенттік  кәсіпкерлері де үлес қоспақ. Белгілі мұнай магнаты, меценат Серікжан Сейтжанов еліміздің осындай қиын қыстау кезеңінде қарап отыруды жөн көрмеген. Ол өз кәсібінің табысы есебінен 100 миллион теңгені арнайы қорға аударды. 

    «Елдегі төтенше жағдай халыққа оңай тимегенін білемін.  Халықтың әл-ауқатын жақсарту, осы ауыртпалықты көтеруде біздің де үлесіміз болсын деп әрі Елбасының тапсырмасына орай қорға қаражат аударуды азаматтық парыз деп санадым»,- деді «Саутс Ойл» ЖШС мұнай компаниясының президенті Серікжан Сейтжанов. 

Кәсіпкер басқаратын компания көп салалы. Алда өзі басшылық ететін медициналық академияда  емдеу ісі сынды факультетті ашып, көп салалы клиника ашуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде медицинадан бөлек білім беру, өндіріс саласын басқарған кәсіпкердің қарамағында 10 мың 500 қызметкері бар. Цемент өңдеуде Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, 800 маркасын нарыққа шығарған. Барлық қызметкерлеріне ай сайынғы жалақысын беріп, тиісті жағдайларын жасап отыр. Ел кәсіпкердің азаматтығына ризашылығын білдіруде. Себебі меценат бұған дейін де талай қайырымдылық шараларға белсене қатысып жүрген. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте открылись новый коммьюнити-центр и обновленный этномузей
  • Шымкентте жаңа комьюнити-орталық пен жаңартылған этномұражай ашылды
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии
  • Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер