Зейнетақыларды үйіне дейін жеткізіп береді

Screenshot_9.jpg

Зейнетақылар мен жәрдемақылардың уақытылы берілетіні хабарланды. Шымкенттік 100 мыңнан астам зейнеткердің «Халық банкі» мен «Қазпочта» арқылы ай сайын зейнетақы ала алатын болды. Ал «Қазпочта»  зейнетақыларды үйге дейін жеткізіп беретінін мәлімдеді. Бұл ақпарат Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов, «Қазпочта» АҚ филиалы директоры Б.Ысқақ, «Халық банкі» қалалық филиалы басшысының орынбасары А.Досымбекова қатысқан брифингте айтылды.

– Қала аумағындағы банк бөлімшелері штатты режимде таңғы 09.00 мен 18.00 аралығында тұрақты жұмыс істеуде. Зейнетақылардың алғашқы бөлігін бүгін аудардық. «Халық банктің» 176 банкоматында қаржы жеткілікті, - деген А.Досымбекова.

Бүгінде ақшаны қолма қол алатын зейнеткерлерден қашықтықтан 7111 нөміріне хабарласу арқылы тегін зейнетақы карточкасын аштыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сондай-ақ, банк бөлімшелерінде санитарлық нормалардың қатаң бақылауға алынғанын айтып, маскалық режим бойынша жұмыс істелініп жатқанын жеткізді. Банктерде күнделікті дезинфекциялық жұмыстар атқарылып, антисептиктер қойылған.

Қалыптасқан жағдайға байланысты «Қазпочта» акцинерлік қоғамының 35 филиалы 65 жастан асқан азаматтарға зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп бермек. Бұл туралы хабарлаған «Қазпочта» АҚ филиалының директоры Б.Ысқақзейнеткерлерджің почта бөлімшелеріне телефон шалып, өтінім берсе жеткілікті екендігін айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер