Кәсіпкерлік палата онлайн режимге өтеді

Screenshot_13.jpg

Қазіргі таңда «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы мен тиісті министрлік оқытудың тетіктерін әзірлеу үстінде. Еліміздегі барлық мекемелер мен жұмыс орындары онлайн режимге өтіп жатқандықтан өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

"Атамекен" кәсіпкерлік палатасының Шымкент қаласындағы бөлімшесінде өтетін 24 күндік кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жұмыстарын (мемлекеттік грант) елдегі төтенше жағдайға байланысты online режимде жүргізу жоспарлануда. 

Кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.   Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасының құрылымы 30 кәсіпкерлік субъектілерінен тұрады. Негізгі қызметі: іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде  ұлттық, сондай-ақ  шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар бүгінде кәсіпкерлік палата «Бизнес бастау» жобасымен айналысып жатқаны белгілі. Үшінші мегаполис тұрғындарының бизнеске деген қызығушылығы соңғы уақыттары өскен. Себебі, қалалық кәсіпкерлік палата осы жобаның нәтижесінде біршама бизнесмендерге қолдау көрсеткен. 

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың басталатыны жөнінде алдын-ала БАҚ, әлеуметтік желі және басқа да ақпарат құралдары арқылы хабарлайтын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер