Еріктілерге алғыс білдірді

Screenshot_7.jpg

Қала тұрғындарына тегін маска таратылды. Ал тұрғындар аталған іс-шара барысында еріктілерге алғысын айтып, бетперделерді қуана алып жатты. Таратылған бір қаптаманың ішінде 5 дана медициналық бетперде бар. Бүгінде індеттің өршіп тұрған уақытында кей адамдар тіптен бетпердесіз жүреді. Ол бір жағынан маска бағасының қымбаттуы болса, екінші жағынан қазір дәріханаларда таптырмас заттардың бірі болып табылады. 

«Әр адам өзінің денсаулығын сақтау қажет. Бұл затты барлығы тағып жүрсе, өзін-өзі қорғар еді. Алғашында маска тапшылығы болды. Бірақ кейіннен өзім матадан қолдан тігіп алдым. Бір, екі адам шықты деп естіп жатырмыз. Бұл бүкіл әлемде таралып, жұқпалы аурулар қатарына жатқаннан соң, өзімізді қорғап жүруіміз қажет», - дейді Дәулетбаев Нұрқанат.

Еңбекші ауданы бойынша «Север» сауда үйінде жас волонтерлар көмегімен 500 дана маскамен, 600 дана аскорбинді қышқыл дәрумені бір мезетте таратылды. Әр адамға 5 дана маскадан берілуі тиіс болған. Тегін бетпердеге қол жеткізгендер алғысын айтса, кеш келіп қапы қалғандар өкпе-реніштерін де білдіріп жатты. 

«Қазір маска тапшылығы ғой барлық жерде, волонтерларға рақмет! Осындай қиыншылықта халықтың қамын ойлап, сыртта жүру қауіпті болса да, тұрғындарға көмек қолын созып жатыр. Мың алғыс!», - дейді қала тұрғыны Нашуова Арайлым.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер