Әкім «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында

Screenshot_2.jpg

Абай ауданындағы «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабы карантинге жабылғаннан соң үшінші мегаполистің әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып, онда орнатылған бақылау бекетінің жұмысын көріп қайтты.

Қазіргі таңда мұндағы жағдай толық бақылауда. Шаһар басшысы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановпен бірге аталған тұрғын алабта түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтық шараларымен танысты. Тұрғындардың денсаулығына алаңдаушылық білдірген қала әкімі өз сөзінде тұрғындарға көшелерде негізсіз жүрмеуді, барынша сақтық шараларын ұстанып, бетперде киюді ескертті. 

Айта кетейік, Шымкентте коронавирус індетіне қарсы белсенді күрес жүргізілуде. Осы мақсатта Шымкентте 2020 жылдың 28-ші наурызында түнгі сағат 12:00-ден бастап келесі қосымша шектеу шаралары енгізілмек. Атап айтсақ, Шымкент әуежайының, теміржол вокзалының жұмыстары, авиа және теміржол қатынастары тоқтатылып, қаладағы қоғамдық көліктің жұмысы сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі.

Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеліп, сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы «тағамдарды үйге жеткізу» режимінде жүзеге асырылады. Ірі сауда орталықтарындағы ойын-сауық аймақтарының, спорт кешендерінің қызметтері уақытша тоқтатылмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер