​Нан қымбаттамайды

Screenshot_9.jpg

Шымкентте азық-түлік қоры жеткілікті! Әрі мамандар мемлекеттің басты құндылығы халықтың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, бағаны тұрақтандыру шараларын қолға алып отыр. Әкімдік тарапынан наубайханаларға арзан бағада ұн таратылатын болды. Бұл нан бағасының аспанға ұшыпи кетпеуі үшін алдын-ала жасалаып жатқан шара. Әкімдіктің мәліметінше, енді дүкендер нанды 75 теңгеден асырып сатпайды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов тауардың 36 түрі бойынша қор жеткілікті екенін хабарлады. Сондықтан тұрғындарға азық-түлік таусылып қалады деп, дүрбелең туғызудың қажеті жоқ екенін жеткізді. «Тұрақтандыру қорында 2 млрд 200 млн теңге бар. Тұтынуға ең қажетті деген 11 тауар түрінің бағасын көтермеу бойынша GraMad гипермаркетімен келісім-шартқа отырдық. Олар бір жыл бойы тауарларды біз қойған шекті бағасынан асырмайды. Қазір азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұруда осындай жолдарды қарастырып жатырмыз», – деді Махсұт Исахов.

Қазіргі таңда халықтың тыныштығы мен биліктің әділдігі маңызды болып отыр. Себебі, күнделікті жаңалықтан короновирус пандемиясының күннен-күнге өршіп жатқанын естіп, шошынып отырған халыққа дүкендердегі азық-түліктің бағасының өсуі одан сайын үрейлендіріп, дүрбелең туғызуы әдбен мүмкін. Осы себепті әкімдік әлеуметтік маңызы бар тауарларды бағасын тұрақтандыруды қолға алды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер