Қызмет көрсету тәртібі өзгерді

Screenshot_3.jpg

Шымкентте төтенше жағдайға байланысты карантинге 680 стационар дайын тұр. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді. Мұрат Әйтенов сөзінше олардың барлығы да әлі пайдалануға берілмеген жаңа емханалар. Одан бөлек, төтенше жағдайға тағы карантинге 1433 орын бар. Олардың арасында жатақханалар да қарастырылған. Қазір үшінші мегаполисте сақтық шаралары күшейтілген. Соған сәйкес, қаладағы Халыққа қызмет көрсету ортаоықтарының  азаматтарды қабылдау тәртібі өзгерді. Шымкенттегі барлық ХҚКО-ларда вирустың таралуына жол бермеу үшін жиі санитарлық шаралар жүргізіліп отыр. Сондай-ақ адамдардың көп шоғырланбауы үшін орталықтың ішіне азаматтарды біртіндеп кіргізіп жатыр. Сондай-ақ, кіре берістен медицина қызметкерлері келушілердің дене қызуын арнайы құралмен тексеріп, қолдарын антисептикпен тазалатып кіргізуде. Дегенмен халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты режимде жұмыс істеуде. «Біз таңғы сағат 9-дан кешкі 5-ке дейін үзіліссіз қызмет көрсетудеміз. Қызметке жүгінген азаматтардың қарасы азайып жатқан жоқ. Медицина мамандары санитарлық жұмыстарды  күшейткені қуантады. Олар тек тұрғындарды ғана емес қызметкерлерді де тексеріп кіргізуде»,- дейді маман Айжан Калиденова. 

     Дәрігерлер қаладағы ХҚКО-ның 11 бөлімшесінде кезекшілікке түсіп, орталыққа келген азаматтарға медициналық көмек көрсетуде. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қызмет талабына сай жүргізілуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте открылись новый коммьюнити-центр и обновленный этномузей
  • Шымкентте жаңа комьюнити-орталық пен жаңартылған этномұражай ашылды
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии
  • Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер