Бектай ОРМАНОВ: БҰЛ ҚИЫНДЫҚТЫ ДА ЕҢСЕРЕМІЗ

Screenshot_15.jpg

"Көп түкірсе көл" демекші Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанда індеттің таралауына алаңдап, елге Үндеу жолдаған болатын. Тұңғыш Президент Үндеуінде кеселмен күрес тек мемлекеттің ғана мойынан артылған жүк емес, онымен әрбір қазақстандықтың күресу керектігін және елдегі кәсіпкерлерге мұндай жағдайда бірігіп, қаражат жағынан көмек көрсету керектігін баса айтып еді. Шымкенттік белсенділер Үндеуге үн қосып, халық үшін қолдан келер көмектерін аямауда.  

Бектай ОРМАНОВ, «Қазақстан стратегиялық зерттеу институты Шымкент аймақтық өкілдігінің» директоры: 

– Коронавирус індетімен күрес көптеген қазақстандықтарды біріктірді. Елбасының  әлемдік пандемияға байланысты үндеуі өте маңызды. Елімізде қауіпті дертке төтенше жағдайдың жариялануы маңызды қадам болды деп санаймын. Коронавирус тек біздің елді ғана алаңдатып отырған жоқ. 170-ке жуық мемлекетке тарап, үрей туғызуда. Осы ретте Елбасының кешегі үндеуіне үн қосып, осы індетке қарсы күрес жұмыстарына қолдау көрсетуді азаматтық парызым деп білемін. Бұл қиын кезеңдер де артта қалып, жаһандық індет ауыздықталады деп сенемін.  Еліміздің дәрігерлеріне де алғыс айтуымыз керек, күшейтілген режимде күндіз-түні еңбек етіп жатыр. Тұңғыш Президент Қазақстанның бұл қиындықты да еңсеріп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басатынына сенім білдірді. Осындай қиын-қыстау сәтте елдігімізді көрсетейік, ынтымақ, бірліктің арқасында барлық қиындықты жеңіп шығуға шақырамын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұйғыр этносының тілі мен өнері — рухани бірліктің көрінісі
  • Тарих қайталанды: Бұл жолы – алтын жүлдемен!
  • Шымкентте «Әзірбайжан этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» атты мерекелік іс-шара өтті
  • Республиканский турнир по дебатам стартовал в Шымкенте
  • Шымкентте республикалық пікірсайыс турнирі басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер