Кәсіпкерлерді бірігуге шақырды

Screenshot_10.jpg

Шымкент қаласындағы "Сана сезім" әйелдер бастамалық құқықтық орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шахноза Хасанова қиын-қыстау кезеңде халыққа қол ұшын беру үшін  кәсіпкерлерді игі іске ат салысуға, төтенше жағдай кезінде сырт қалмауға шақырды. 

«Қазақстан коронавируспен күресуге барынша күшін салуда. Бұл ретте Елбасы Н.Назарбаевтың коронавируске қарсы күрес үндеуін қолдаймыз. Осы тұста елімізде індетті таратпаудың барлық жағдайы жасалуда, әр азаматтың денсаулығы маңызды. Әрине, дәл қазір қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мақсатында сақтық шаралары қолданылып, санитарлы-профилактикалық тәртіп орнағаны мәлім. Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев коронавирустың алдын алу үшін Үкіметке тиісті әрі қажетті шараларды қолдануды тапсырды. Еліміздің барлық аймағында шұғыл штаб жұмыс істеп жатыр. Шымкентте де медицина мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. «Сақтансаң сақтайды» дегендей, ел болып, бірлесіп әрекет қылсақ, бәрін де жеңеміз. Осы сәтті пайдаланып барлық кәсіпкерлерді ортақ мүддеге күш біріктіріп, игі істерге атсалысуға шақырамын»,- деген ол жерлестері үшін қолынан келер көмекті аямайтынын жеткізді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мәжіліс депутаты Шымкенттегі әлеуметтік мәселелерді зерделеуде
  • Шымкентте үшінші жүрек трансплантациясы жасалды
  • Шымкентте үш өндіріс орны іске қосылды
  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер