Шымкенттік белсенділер елге серпіліс беруде

Screenshot_10.jpg

Елдегі қиын жағдай кезінде шымкенттік кәсіпкерлер мен белсенділер індетпен бірге күресіп, жалпақ жұртқа қолдау білдіруде.  «Асыл бала» заңды тұлғалар қауымдастығының төрайымы Гүлнар Үсенова да  халыққа үн қатты.     «Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өңір-өңірлердегі кәсіпкерлер Елбасымыздың үндеуіне үн қосып, короновирус індетіне қарсы күреске қаржылай қолдау білдіріп жатыр. Мұндай игі істен шымкенттік жомарт жүректі азаматтар да шет қалып жатқан жоқ. Бұл – елдігіміздің көрінісі, қуантарлық жағдай, әрине. Елбасының осындай қиын-қыстау кездегі халқына үндеуі ешбірімізді бейжай қалдырмады. Бұл, меніңше, бәрімізді жігерлендірген өте ұтымды шешім болды. Біз, қай салада болсын, өз кезегімізде үндеудің әрбір тармағын барынша жүзеге асырауға атсалысуымыз керек. Сондықтан осы елдің азаматымын дейтін әрбір саналы адам мұндай қиын шақта өзінің қоғам алдындағы азаматтық позициясын айқын білдіріп, көмек қолын созып жатса нұр үстіне нұр. Күні кеше Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Сол кезде: «Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз», - деді. Елбасы еліміз алдында тұрған барлық сынақтардан ауызбірлік пен табандылықтың арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімділік білдірді. Сондықтан, елдігімізді танытайық. Қолдауымызды көрсетейік»,- деген ол өзгелерді де белсенді болуға шақырды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен келіссөз жүргізді
  • Елордалық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын жоба ұсынды
  • Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті
  • В Шымкенте состоялся второй республиканский турнир «Respublica Asyq Atu»
  • Шымкентте Республика күніне орай мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер