Мектеп оқушыларды қабылдауға әзір

Screenshot_13.jpg

Болашақтың қаласы «Шымкент Сити» кешенінің өз білім ұясы болады.  Аумақтағы  мектеп пайдалануға дайын. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бастаған билік өкілдері 1200 орындық білім ғимаратымен танысып қайтты.

Мектеп төртінші тоқсанға балаларды қабылдауға сақадай сай. Нысан іске қосылғанда осы аумақтағы үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі дейді басшысы.

Қазір қалада мектеп құрылысы қарқын алған. Салынып жатқан 13 білім ғимаратының  жетеуі жыл соңына дейін шәкірттердің игілігіне тапсырылатын болады.

  Айта кетейік,  «Shymkent City» жобасы   420 гектар жерді қамтиды. Жобаға сәйкес, барлық негізгі инфрақұрылымдық жұмыстары аяқталған. Өткен жылы    қалашықта орналасқан 9 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, бірқатар азаматтар  540 жалдамалы пәтерге  қоныстанған болатын.   «Шымкент сити» қалашығы шаһардың  жаңа әкімшілік-іскерлік, мәдени орталығына айналуда.  Бұл қалашықта халықтың қажеттілігі үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Әлеуметтік нысандар – мектептер мен балабақшалар, емханалар және  қала тұрғындарының тынығатын демалыс орындары, кино концерт залы, спорт кешені, конгресс холл және т.б. көптеген ғимараттар бой көтеруде. Біздің ең басты мақсатымыз - қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау дейді  билік өкілдері. 





Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте открылись новый коммьюнити-центр и обновленный этномузей
  • Шымкентте жаңа комьюнити-орталық пен жаңартылған этномұражай ашылды
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии
  • Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер