Құрылыс қызған шақ

Screenshot_6.jpg

Күн жылынып, көктем шыға Шымкентте құрылыстың қыз-қыз қайнайтын шағы. Қазір шаһарда бірнеше ғимараттар бой көтеруге шақ тұр. Таяуда қал әкімі Мұрат Әйтенов өңірдегі  құрылысы қарқын алған бірқатар нысанды аралап шыққан болатын. 

    Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен Нұрсәт шағынауданында 21,5 га аумақта салынып жатқан үйлердің құрылысын аралап көрді. Мұнда 8 үй салынуда. Мердігер мекеме «Арт Құрылыс» ЖШС. Компания басшысы Бекжігіт Төлендиевтің айтуынша, құрылысы 2018 жылы басталған нысан биыл маусым айында пайдалануға беріледі.

Қала әкімі құрылысты өз мерзімінде тапсыруды және сапалы атқаруды ескертті. «Бірінші кезекте сапаға мән беріңіздер. Тұрғындардан сапаға қатысты шағым көп. Ең басты талап – осы. Біз тұрғын үй салушыларға әрдайым қолдау көрсетеміз. Сіздер тараптан сапалы жұмыс істелінуі керек. Әрине, құрылыс жұмыстарының қала экономикасына қосар үлесі мол. Қалаға келетін инвесторлар да алдымен құрылыс барысына мән береді, – деді әкім.

   Қала әкімі Тұран шағынауданында «Shymkent» ӘКК» тапсырысымен салынып жатқан 8 үйдің құрылысын да аралап көрді. Мұнда мердігер «Бек Строй Сервис» ЖШС жоспар бойынша жұмыс жүргізуде. Құрылысы 2018 жылы басталған үйлер сәуір және маусым айында пайдалануға беріледі.

    Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы Тұран шағынауданында құрылысы аяқталған мектепте болды. 1200 орынды білім ошағы төртінші тоқсанға балаларды қабылдауға дайын.

  Жалпы, Шымкент қаласында биыл 77 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Жұмыстар кестеге сай жүргізілуі тиіс. Қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметовтың айтуынша, құрылысы биылға жоспарланған 77 үйдің 24-і кредиттік, 8-і арендалық. Ал Тұран шағынауданында 41 үйдің құрылысы жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • С начала года не зарегистрировано лесных и степных пожаров
  • В Шымкенте откроется офис «Правительства для бизнеса - Shymkent INVEST»
  • Проведена проверка качества дорог
  • Общественный транспорт будет работать по 14 новым маршрутам
  • Микрорайона Самал-3 подключают к новой электролинии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер