Шымкент қаласында 68 мың кәсіпкер әйел бар

3скер.jpg  

  Елімізде кәсіпкер әйелдер қатары күнсанап артуда. Олардың тиімді кәсіп көзін ашып, нәсібін көруіне бизнес орталықтар мен мемлекеттік бағдарламалар ықпалын тигізуде. Аталмыш бағдарламалар әйел адамның қоғамдағы өзіндік орнын айшықтап көрсетеді. Үшінші мегаполистегі іскер әйелдер қатарының 68 мыңға жетуі оның айғағы бола алады.

  Бүгін, Шымкент  қаласында кәсіпкер әйелдердің басын қосқан «Әйелдер мен бизнес: жаңа мүмкіндіктер - 2020» атты ІІІ бизнес-форум өтті. Аталмыш жиында Кәсіпкерлер палатасындағы Іскер әйелдер кеңесінің жұмысы туралы есеп берілді. Оған қоса алдағы уақытта атқарылатын жобалар талқыланып, екінші деңгейлі банктер мен даму институттарының әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шаралары туралы шеберлік сағаттары мен жергілікті дизайнерлер топтамасының дефилесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қалалық Іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің компаниялық өнімдері мен қызметтерінің көрмесі өтті.

– «Әйелдің қоғамдық-саяси өмірдегі орнын ешкім де жоққа шығара алмайды. Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті болу керек. Бәсекелестен қорықпай, қайта оны ысыруға әрекет жасау керек, - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова.

  Бүгінде, Шымкент қаласында 21 адамнан құралған Әйелдер бизнес клубы мен 250-ден астам адам кіретін кәсіпкер әйелдер базасы жұмыс істейді. Алдағы уақытта, аталмыш бизнес клубтардың қатарына  «IS KOLDAU» - «Әйел және отбасылық бизнесті қолдау» қоғамдық ұйымы қосылады деп күтілуде. 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ​Амангелді Ергешбекұлы: «Шымкенттегі госпиталь халықтың денсаулығын сақтау үшін қажет»
  • Әл-фараби ауданының 90 пайызы залалсыздандырылды
  • Банктердің алдында арнайы жолақтар сызылды
  • Шектеу шараларын тұрғын үйлерді аралап түсіндірді
  • Әкім госпиталь құрылысымен танысты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер