Ақ халаттыларға ата заңның жаңа мазмұны түсіндірілді

Денсаулық сақтау саласы – қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы мен ұлт болашағын айқындайтын стратегиялық бағыттардың бірі.

Screenshot_4.png

Адам өмірі мен денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлері ел өміріндегі маңызды өзгерістерге бейжай қарамай, қоғамдық бастамаларға белсенді түрде қатысып келеді. Осы тұрғыда Конституцияның жаңартылған мазмұнын түсіндіру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Жиын Қалалық балалар клиникалық ауруханасы ұжымының қатысуымен өтті. Кездесу барысында елдегі конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен олардың қоғам дамуына ықпалы кеңінен талқыланды.

Басқосуда сөз сөйлеген заң ғылымдарының кандидаты Ботабек Имашев тұрақтылық кез келген мемлекеттің өркендеуінің басты шарты екенін атап өтті. Оның айтуынша, тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде қабылданған қолданыстағы Конституция мемлекеттілікті қалыптастыруда тарихи миссиясын абыроймен атқарды. Алайда жаһандық геосаяси ахуалдың өзгеруі, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы және қоғамдық сұраныстың артуы құқықтық жүйені заман талабына сай жетілдіруді қажет етеді.

– Жаңа Конституция адам құқықтары мен заң үстемдігін басты құндылық ретінде айқындайды. Бұл – білім мен ғылымға негізделген, әділетті әрі өркениетті мемлекет құруға бағытталған нақты қадам, – деді Ботабек Есенбекұлы.

Жиын барысында аурухананың пульмонология бөлімінің меңгерушісі Гүлжанат Наурызова мен қабылдау бөлімінің меңгерушісі Өркен Ақбаев та пікір білдірді. Олар Конституцияның жаңа редакциясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, заң үстемдігі қағидатына ерекше мән берілгенін атап өтті. Сонымен қатар енгізілген өзгерістер қоғам мен билік арасындағы сенімді арттырып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

Кездесу ашық форматта өтіп, медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жан-жақты жауап алды. Жиын қортыныдысы бойынша қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: қала тұрғындарымен ашық диалог
  • Ақ халаттыларға ата заңның жаңа мазмұны түсіндірілді
  • ШЫМКЕНТ: «Karlskrona LC AB» кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесу өтті
  • Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет моделінің өзара байланысы
  • Мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастық – ұлттық қауіпсіздіктің негізі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер